ӨзА Қазақ

01.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Армения премьер-министрі және оның отбасы коронавирус жұқтырған

Армения премьер-министрі және оның отбасы коронавирус жұқтырған

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзі және оның отбасы коронавирус жұқтырғанын «Facebook» парақшасында хабарлады.

45 жасты қарсылаған премьер Пашинян әлеуметтік желі арқылы «мен коронавирусқа тест тапсырдым. Өкінішке орай менің індет жұқтырғаным анықталды. Содан кейін отбасымдағылар да сынама тапсырғанда оларда вирус жұқтырғандығы белгілі болып, біздер қазір оқшаулаудамыз. Бұл індеттің жеңіл түр болғандықтан мен үйде жұмыс істеуді жалғастырамын, деген.

Оның болжамы бойынша вирус оған даяшыдан жұққан. Ол бір шараға барған кезде өзіне қызмет көрсетіп жатқан даяшының қолғапсыз қызмет етіп жатқанын көріп оған қаупсіздікті сақтауын айтқан. Қазіргі кезде сол даяшыда коронавирус жұқтырғаны белгілі болған, дейді премьер-министр.

Соңғы деректерге сай Арменияда 9282 азамат вирус жұқтырған. Олардан 3300-ден астамы сауығып, 131 жан көз жұмған. 

3 860
ӨзА