ӨзА Қазақ

29.07.2019 15:06 Басып шығару нұсқасы

Apple Card кредиттік картасы келесі айдан қолданысқа енеді

Apple Card кредиттік картасы келесі айдан қолданысқа енеді

Американың техникалық нарығындағы гиганты саналатын Аpple компаниясы жаздың соңына қарай біраз уақыттан бері жоспарлап жүрген «Apple Card» кредиттік картасын шығаруды бастайды. Бұл жайында Вloomberg басылымы осылай хабар таратқан.

Apple компаниясы аталған картаның презентациясын 2019 жылың наурыз айында өткізген болатын. Сонымен бұл жобаны қоғамға енгізуді жоспарлаған компания басшылары, аталған картаны алдымен Америка нарығында сынақтан өткізбек.

Жобаны Аpple компаниясы «Goldman Sachs» және «Mastercard» компанияларымен бірлесіп қоғамға енгізуді көздеп отыр. Apple Card-ты пайдаланғандағы бір ерекшелік, сіз физикалық карта көмегінде жасаған әр бір төлемдердің 1 пайызын, Apple Pay-ды қолдану арқылы 2 прайызын, ал Apple-дың қызметтік компанияларында жасаған төлемдердің 3 пайызын қайтарып алуы мүмкіндігіне ие боласыз.

Пайдаланушылар телефоннан тікелей Apple Wallet қосымшасы арқылы тіркеуден өтіп, Apple Pay қолдау көрсетілетін барлық жерлерде пайдалана алатын сандық картаны ала алады. Сондай-ақ, тұтынушылар сатып алуларды бақылай алады, теңгерімдерді тексеру және транзакция күйін тікелей қолданбадан біле алады. Аталған қызмет түрі жаздың соңына дейін іске қосылады. 

ӨзА
5 127