ӨзА Қазақ

16.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Америка «Huawei» компаниясын қара тізімге енгізбек

Америка «Huawei» компаниясын қара тізімге енгізбек

Соңғы уақытта АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы күшейіп барады. 

Америка президентінің қытай тауарларына салынатын салықтар пайызын асырып саудадағы теңсіздікті орнатамыз деген ойы жүзеге аспай қалды. Қытай тарапы да, бұл жағдайға орынды жауап қайырып АҚШ тауарларына салынатын баж салықтарын көтеріп қана қоймай, юанның долларға шаққандағы бағасын түсірді. Соның нәтижесінде бүкіл дүние жүзілік фонд биржалардағы бағамдар төмендеп, көптеген ірі компаниялардың қымбат бағалы қағаздарының бағасы түсіп кеткендігінің арқасында көптеген шығындарға ұшырауда.

Дональд Трамп Қытаймен арадағы сауда соғысында жеңіске жету үшін өзінің әлеуметтік желіснде Федералды резерв жүйесінен көмек сұрап, елдегі экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін қолдау көрсету керек екендігі жайында айтқан. 

Қазірде Америка үкіметі бұл соғыста жеңіске жету үшін кез-келген шараны қолдануда. Солардың тағы бірі Америка сауда министірі Қытайдың «Huawei» компаниясын қара тізімге енгізуге шешім шығарған. Онда себеп ретінде «Huawei» компаниясы Америка салықтарын шектеп өтіп Иранға қаржылық қызметтер көрсету мен АҚШ технологияларынан Вашингтон мүддесіне қарсы пайдаланғандығын алға тартып отыр. 

11 779
ӨзА