ӨзА Қазақ

19.06.2019 17:26 Басып шығару нұсқасы

Алмазбек Атамбаев жауапкершілікке тартылама?

Алмазбек Атамбаев жауапкершілікке тартылама?

Қырғызстан парламентінің құқықтық тәртіпке салу, қылмысқа қарсы күрес және коррупцияға қарсы тұру мен Конституциялық заңдар экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қол сұғылмаушылық құқығын алып тастауды қолдады.

Енді комиссияның қорытындысы парламенттің жалпы отырысында қаралады. Комиссия төрағасы Каныбек Иманалиевтің журналистерге айтқан сөзінде, экс-президентің құқығын қамтамасыз ету мақамын алып тастау үшін мынадай кезеңдерден өтетінін атап өтті: бастамашыл топтың хаты, парламент профильді комитетінің қорытындысы, комиссия құру, комитет қорытындысын талқылау, комиссия қорытындысын және профильді комитет қорытындысын талқылау, бас прокуратура бағасы, бас прокуратураның берген бағасын парламентте талқылау, парламенттен қол сұғылмаушылық құқығын алып тастауды немесе алып тастамау турасындағы шешімі.

Бастапқыда комиссия Алмазбек Атамбаевқа қарсы 9 айып тақты, бірақ талқылау кезінде тек алтауын қалдырды. Қалған үшеуі Атамбаевтың президенттік кезеңіне қатысты емес.

Қазірде комиссия таққан айыптаулар мынадай: Атамбаев президент болып тұрғанда БАҚ және қоғам қайраткерлері мен сот, депутат өкілдерін қуғындады, қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босатты, Атамбаев үй салған «Кой-Таштағы»( Ака Петролеум және АКА Инвест компанияларына байланысты) жерді заңсыз иеленді, Бішкек жылу электр станциясындағы коррупция.

Экс-президент Алмазбек Атамбаев жақтастары болған Қырғызстанның Социал демократиялық партиясы парламенттің Конституция талаптарын бұзып отырғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, Алмазбек Атамбаев экс-президент мәртебесін 2017 жылдың қарашаның 24 жұлдызында алды. Ал экс-президенттер туралы заңға өзгерістер 2019 жылдың сәуірдің 4 күні қабылданды. Ал, Конституцияға сәйкес, жауапты тұлға туралы заңның кері күші жоқ, дейді партия.


ӨзА
12 450