ӨзА Қазақ

13.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Алмазбек Атамбаевқа ауыр қылмыстар туралы айып тағылды

Алмазбек Атамбаевқа ауыр қылмыстар туралы айып тағылды

Қырғыстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев кісі өлімі мен басқа бір қатар ауыр қылмыстар жасағандықта айыпталуда. Бұл жайында Қырғыстанның бас прокуроры Откурбек Жамшитов мәлімдеген.

«Алмазбек Атамбаевқа тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, қару-жарақтың заңсыз айналымын жасау, тергеуге қарсы шығу, адамдарды кепілге алу, кісі өлімі айыптаулары тағылды»,-дейді бас прокурор.

Осы айыптауларға байланысты, Атамбаевқа ұйымдастырушы ретінде Қарғыстан Республикасының Қылмыстық кодексінің түрлі баптары-« Үкімет өкіліне қарсы қорқыту немесе зорлық», «Прокурор, тергеуші, тергеу мекемелерінің лауазымды азаматтарының жұмысына кедергі келтіру», «Жаппай тәртіпсіздіктер», «Кісі өліміне себепші», «Азаматтарды кепілге алу», «Қару-жарақты заңсыз тасымалдау» заңда белгіленген баптарымен бірнеше айыптаулар тағылған.

Сал алдын, Қырғыстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев Атамбаев арнайы жасаққа қарай оқ атқаны жайында айтып, елде төңкеріс жасамақ болды  деді.

Қазірде экс-президент Атамбаев сот шешімі мен 26 тамызға дейін қамауға алынған. 

14 383
ӨзА