ӨзА Қазақ

18.06.2019 09:27 Басып шығару нұсқасы

АҚШта келесі аптадан заңсыз жүрген мигранттар депортталады

АҚШта келесі аптадан заңсыз жүрген мигранттар депортталады

АҚШ иммиграциялық және кедендік полициясы келесі аптада миллиондаған заңсыз мигранттарды елден шығара бастайды. Бұл жайында Ақ үй басшысы Дональд Трамп 
Твиттер паракшасында мәлімдеген.

"Келесі аптадан АҚШ иммиграциялық және кедендік полициясы АҚШ-қа миллиондаған заңсыз көшіп келушілерді елден депортация жасауға кіріседі. Олар қалай келген болса солай кететін болады", - деп жазады Трамп.

АҚШ президенті Гватемаланың үшінші елдер азаматтарына баспана беру туралы келісімге қол қоюға дайын екендігін мәлімдеді. Бұл келісімге сәйкес, мигранттар тарапынан олар кірген алғашқы елде баспана алатын болады.

Сондай-ақ Трамп АҚШ демократтарын миграцияны бақылауда дұрыс жұмыс жасамағандықта кінәлап, оларды алдағы елдегі иммиграциялық салада реформа жасау үшін дауыс беруге шақырған. “Егер біз мұны жасайтын болсақ шекарадағы барлық мәселе өз шешімін табатын болпды” деп айтқан.

Еске сала кесек, Дональд Трамп АҚШқа келуші мигранттардың туысқандарына Green Card беруді тоқтату керектігін мәлімдеген болатын. 

ӨзА
12 705