ӨзА Қазақ

01.06.2020 Басып шығару нұсқасы

АҚШ-та афроамерикалықтың өлімінен кейін наразылықтар ушығып барады

АҚШ-та афроамерикалықтың өлімінен кейін наразылықтар ушығып барады

АҚШ-тың бірнеше штатында бір аптадай уақыттан бері жалғасып кележатқан халықтың билікке деген наразылықтары күн сайын күшейіп келеді.

Миннеаполис штатында орын алған афроамерикалық азаматтың өлміне қатысты наразылықтар сериясы АҚШ-тың Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Аталанта, Детройт, Вашингтон және басқада ірі қалаларда жалғасып тіпті президент Трамптың басты резиденциясы Ақ үй алдында да орын алуда. Полиция қарсылық шараларын тоқтатуға байланысты демонстраттарға қарсы көзден жас ағызатын газ және гранаталар қолданып оларды таратудың түрлі әдісін қолдануда.

Бұл жағдайға қатысты президент Трамп: тәртіпсіздіктерге қарсы күш қолдану қажет болса оны қалайда тоқтату қажет. Біз радикалды көзқарасқа ие қылмыскерлерді АҚШ жерінде тіпті әлемге қарсы от қоюына жол бермейміз, деген.

Қазірде АҚШ билігі бұл жағдайларды афроамерикалықтың өліміне қатысы шамалы деп санайды. Өйткені наразылыққа шыққан халық арасында түрлі радикалдар бар екенін айтып, полицияға қақтығыстарды басуға бұйрық берілген.

25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис штаты полиция қызметкері 46 жасар афроамерикалық Джорж Флойдты қолға алу кезінде оны жерге жатқыза тізесімен мойнын басып буындыруының арқасында Джордж демалалмай қайтыс болған. Осы оқиғасының салдарынан АҚШ-та жаппай тәртіпсіздіктер орын алған. 

2 827
ӨзА