ӨзА Қазақ

17.03.2020 Басып шығару нұсқасы

АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады

АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады

Америка билігі Covid-19 коронавирус эпидемиясына қарсы күрес үшін ұлттық қордан 8 млрд доллардан астам қаржы бөлген болып, осы қаржының 3 млрд-тан көп бөлігі вирус вакцинасын жасауға арнаған.

«Associated Press» ақпарат порталының хабарлауынша алғашқы коронавирусқа қарсы емдік әсері болжамды сынаққа 18 беп 55 жас аралығындағы 45 көңілді қатысқан. Вашингтондағы ұымдастырылған осы сынақ жобасын «The National Institutes of Health» қаржыландырып, еріктілерге салынған бұл вакцина 12-18 ай мерзімде қолжетімді болмайды. Өйткені оның толық адам ағзасына әсері тез арада оң ықпалын берсе де кейінгі көрсеткіштері қандай болатыны белгісіз болғандықтан.

Еріктілер Массачусетстегі «Moderna» биотехнологиялық компаниясы мен АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институттары (NIH) жасаған вакцинаның әр түрлі дозаларын қабылдаған. АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институтының докторы Энтони Фаукидің айтуынша қазірде әлемдегі медицинасы дамыған ондаған елде осы індетке байланысты вакцина жасалуда. Алайда нақты емдік қасиетке ие адам ағзасына теріс әсері жоқ вакцина қазірше табылмаған.

Соңғы деректер бойынша әлемде коронавирус жұқтырған 182 405 адам тіркелген. 79 433 жан аурудан сауққан болса, 7154 кісі қайтыс болған. Осы вирус ең көп тараған Қытай жерінде ауырғандардың 84 пайызы аурудан айыққан.

2 697
ӨзА