ӨзА Қазақ

14.05.2020 Басып шығару нұсқасы

АҚШ Huawei компаниясына санкцияны тағы бір жылға ұзартты

АҚШ Huawei компаниясына санкцияны тағы бір жылға ұзартты

Құрама Штаттар кәсіпорындары Қытайдың Huawei компаниясымен келесі жыл мамырдың соңына дейін ынтымақтастық жасамайтын болды. Санкция жалғасады.

Reuters ақпарат порталының хабарында айтылуынша президент Трамп АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірер телекоммуникациялы компаниялармен қарым-қатнасты шектеуші құжатқа қол қойған. Құжат «қара тізімге» енгендерге тиісті. Құжат бетінде ашып айтылмасада Қытайдың «Huawei» және «ZTE» компаниялары осыған қатысты екені астарланған.

Өйткені Қытайдың Huawei компаниясы АҚШ-та орнатылған 5G желілеріне арналған құрылғылар арқылы АҚШ-тағы телекоммуникация желілерін бақылай алады, деген айыппен 2019 жылда осы қара тізімнен орын алған еді.

2 263
ӨзА