ӨзА Қазақ

17.05.2020 Басып шығару нұсқасы

АҚШ ғалымдары 4 күн ішінде коронавирусты толығымен жойатын антиденені анықтады

АҚШ ғалымдары 4 күн ішінде коронавирусты толығымен жойатын антиденені анықтады

«Sorrento Therapeutics» биофармацевтикалық компаниясының ғалымдары адам бойындағы коронавирусты 4 күн ішінде жоятын антиденені анықтады. Олардың айтуынша, антиденелер коронавирусты 100 пайыз блоктайды.

«Fox News» арнасының хабарында, ғалымдар миллиардтаған антиденелерді, соның ішінде коронавирусқа әсер етуі мүмкін жүзден астамсол типтегі антиденелерді зерттеген. Содан кейін ғалымдар ондаған антиденелерді бөліп алғаннан кейінгі зерттеулер олардың бірі «STI-1499» адам жасушаларын инфекциядан 100 пайыз қорғауға қабілетті екенін көрсеткен. Мамандардың айтуынша ол вирусты толық қамтып, төрт тәулікте адам денесінен шығарып тастайды.

Қазіргі уақытта сынақтар тек зертханалық жағдайда жүргізілді, алайда бұл затпен емдеу 100 пайыз пайдалы, дейді компанияның негізін қалаушы доктор Генри Джи.

Соңғы деректерге сай қазірде жер бетіндегі коронавирустан жапа шеккен жандар саны 4,6 миллионана асып, 312 мыннан көбі қайтыс болған. 1,7 миллионан астам жан аурудан сауыққан. Бұл ретте ең көп науқас АҚШ-та тіркелген болып, олар саны 1 млн 467 884 кісіні құауда. 

2 084
ӨзА