ӨзА Қазақ

25.08.2019 Басып шығару нұсқасы

«Үлкен жетіліктің» басшылары Ресейді өз сапына қосудан бас тартты

«Үлкен жетіліктің» басшылары  Ресейді өз сапына қосудан бас тартты

Францияның Биарриц қаласында өтіп жатқан әлемнің алып держава басшылары топтасқан G7 форматындағы кеңесте, әлем назарын аударған мәселе «Ресей бұл форматтың құрамына оралама» деген сұрақ аясында өрбіді.

Осыған дейін Франция президенті Эмммануэль Макрон, АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен шағында келесі жылы өтетін G7-нің кезектегі отырысына Ресейді шақыруды ақылдасқан болатын. Бұл мәселені Трампта қолдаған. Ал Европалық Одақ «Үлкен жетілікке» Ресейдің оралуына қарсы шыққан еді.

Сонымен Биарриц қаласында өтіп жатқан G7-нің кезектегі отырысында басшылар Ресейдің одаққа одалуына қарсы болды. Бірақ Ақ үй басшысы әліде Ресейдің бұл ортаға оралуын қалайтынын жасырмады. Ресейдің G7-ге қайта оралмаса да осы жеті алып держава басшылары Ресеймен арадағы ынтымақтастығын күшейтетін айтып өтті. 
 
Сондай-ақ, Европа Одағының депутаты Терри Мариани өзінің Твиттерінде бұл формат құрамына Ресей, Бразилия, Қытай мен Африканы шақырмай ешқандай адымдау болмайтыны жайында жазған. Ал, Дональд Трамп: G7 кездесуінен ешқандай пайда жоқ, бұл жәй ғана кездесу болатыны жайында айтқан еді.

Осыған дейін, Федерация Кеңесінің халықаралық комитетінің басшысы Константин Косачев «Үлкен жетілік» құрамына Ресей, Үндістан және Қытайды да шақыруға ұсыныс білдірген болатын.  

12 316
ӨзА