ӨзА Қазақ

09.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Бүгін – Мекембай Омарұлының туған күні

Бүгін – Мекембай Омарұлының туған күні

Өзбекстандағы қазақ әдебиетінің аға буыны - ақын Мекембай Омарұлы бүгін 71 жасты қарсы алуда. Ол 1949 жылдың 9 ақпанында Ташкенттің іргесіндегі Түзел елді-мекенінде туып-өсіп, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институттың қазақ филологиясы факультетін тәмамдаған. Көп жылдар бойы ұстаздық ете осындағы қазақ мектептеріне арнап оқуықтар жазды.

Өмірінің кейінгі жылдарында «Достық туы»(қазіргі «Нұрлы жол») газетінде журналисттік қызметте жүріп әдебиет бөлімін басқарған. Өз шығармашылығын шыңдай білген ақынның трочествосы тек бір тілде жалғасқан жоқ. Ол қазақ және өзбек әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын ретінде екі ел Жазушылар одағының мүшесі атанды. Көп жылдық талмай атқарған ізденістер еңбегінің арқасында Туран ғылымдар академиясының құрметті академигі болды.

Ақынның тырнақ алды туындысы «Махаббат» атымен 1999 жылы оқырманға жол тарып, оның творчествосында балалар әдебиетіне қосқан үлесі орасан екенін кейінгі жылдарда жарық көрген «Ай астындағы айналайындар» (Алматы, 2017) атты көп жылдық жинағынан көруге болады. Жазба және айтыскер ақындықты қатар ұстай келе Өзбекстандағы заманауи айтыс өнерін бастаушылардың бірі Мекембай Омарұлының екі тілге(қазақ және өзбек) жасаған аудармаларының жөні бөлек, шежірешілігі өз алдына бөлек әңгіме.

Шығармашылығы: «Махаббат» (Ташкент, 1999), «Атамекен» (Алматы, 2008), «Таудай бол» (Ташкент, 2009), «Төрткүл дүние» (Алматы, 2011), «Күн күлкісі» (Ташкент, 2013), «Ай астындағы айналайындар» (Алматы, 2017), «Ақыл қайрағы» (Ташкент, 2018) жыр жинақтары мен «Ең тәтті алмалар» (Алматы) деп аталған әңгімелер мен хикаяттар топтамасы және «Шанышқылы шежіресі» тарихи-танымдық кітабы (Ташкент, 2000) оқырманмен қауышты.

Өзбекстан Жазушылар одағының жанындағы «Қазақ әдебиеті» кеңесінің төрағасы Мекембай Омарұлының бүгінгі мерейлі жасымен құттықтай, оған мықты денсаулық, отбасына амандық пен шығармашылық табыс тілейміз.

Осы арада бүгінгі ақынның туған күніне орай өз туындаларынан сіз қадірменді оқырман үшін жыр шумақтар жариялауды жөн көрдік. Ендеше әдебиет әлеміне өзіндік сүреткерлігімен келіп жан дүниесінің сырын өлеңмен өреген ақынның, биік тау басынан құлап тастан-тасқа соғыла сыңғырлай аққан бұлақ суындай мөлдір жырларыннан сусындай отырыңыз.

-СҮЙIКТIМ-
Көңлiмнiң көгалына елес «үйдiм»,
Елес «үйдiм»,
Еркелеу егесi үйдiң?!
Ақ жаздай жадыраған жүзiң қалып,
Көзiңнен, бiлесiң бе, неге сүйдiм?

Махаббат
Болғанымен таныс айдын,
Бұла өскен бiздерден алыс Ай, Күн.
Мен сүйген күн түндерi тамылжыған
Жиырма сегiзi ме тамыз айдың?

Жар емес,
Жетi жатты – өзге сүйiп,
Бүгiнде қалмағандай сөзде сиық.
Бiлмеймiн не сиқыры барын мұның,
Кең дүние кетiптi көзге сыйып.

«Есiң барда тапқын, – деп, – елдi қайтып»,
Қоярмысың сен-дағы елдiк айтып?
Тəшкен сыймай, сыйыппын сендiк көзге,
Сүймейiн көздерiңдi ендi қайтiп?!.


-МАХАББАТ-
Бiреудi ерте, бiреудi кеш арбайтын
Бұл махаббат жұмбақ-ау шеше алмайтын.
Бұл махаббат сенi мен бiз шығармыз
Өз қолыңды өзiң кеп кесе алмайтын.

Бiреудi ерте, бiреудi кеш арбайтын
Бұл махаббат көл болар кеше алмайтын.
Бұл махаббат тегiнде қайық шығар
Екеумiз мəңгiлiкке есе алмайтын!

***

Ешкiмнiң аттағам жоқ ала жiбiн,
Елдiң қамы–
Көтерген дара жүгiм
Өкпелi маған жан бар айыра алмай
Жақсы менен жаманның ара жiгiн.
Көп бұлтты
Көшiргенмен ауыл əрi,
Дiлiмде сол себептен дауыл əлi.
Қырықты қарсы маған қайрамаса,
Бiр жерi байғұстардың ауырады.
Дүрия-дiл бiраз жайды байыптайды,
Бұл дерттен ендi бұлар айықпайды.
«Жүргенмен арамызда,
Бөлектенiп
Тұрасың» деп те менi айыптайды.
Сырымды
Құшқым келген қалаға айтам,
Төсiнде
Ұшқым келген далаға айтам,
Аққайың бастан жалғыз болғанымен,
Тұрмай ма дараланып қарағайдан?!

-ЖҰЛДЫЗДАР-
Қош айтқандай қиқулап бiр құсқа анау,
Қайтып осы баратқан жыл құстары-ау.
Қатарының үзiлiп, бұзылғаны–
Кесепаты өсектiң, жұлдыздар-ау!

Жұлдыздар-ау, саған бар далам ғашық,
Көрiнбесең, қаламыз алаңдасып...
Сендерге де өсектiң жеткенi ме,
Болды екен нелiктен араң қашық?..

-ТАМШЫЛАР-
Жаңбырға тегі тән шығар 
Төпелеу Сырдың шетін көп.
Соққылап жатыр тамшылар
Шыршықтың-дағы бетін кеп.

Жайқалған жасыл желекпен 
Көлде де тамшы секірді.
Аспанда біреу елекпен
Су елеп жатқан секілді.

Дүр сілкініп ап тал, шынар 
Жауғанда қайтпек шалқымай?
Бозсуға түскен тамшылар 
Өзен боп енді толқығай...

25 640
ӨзА