ӨзА Қазақ

29.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Зиярат туризмі: Өзбекстанда «Naqshbandi Tourism Festival 2019» фестиваліне санаулы күндер қалды

Зиярат туризмі: Өзбекстанда «Naqshbandi Tourism Festival 2019» фестиваліне санаулы күндер қалды

Малайзияның «Дүниежүзілік Сопылар ұйымының» бастамасымен 31 қазанмен 7-ші қараша күндері Өзбекстанда зиярат туризімі бағытында «Naqshbandi Tourism Festival 2019» атты шара өтеді.

Онда әлемнің 18 елінен, Малайзия, Индонезия, Түркия, Үндістан, Қытай, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Австралия, Бразилия және Америка Құрама Штаттарынан 200-ге жуық қонақтар келеді. Олар арасында көптеген атақты ғалымдар мен туризм ұйымдарының басшылары және қоғам қайраткерлері бар. 

Фестиваль қатысушыларына Өзбекстанның қасиетті зиярат орындарын аралатып, олар жайында кеңінен мәліметтер беріліп, көне тарихи қалаларға да бару жоспарланған. 

6 187
ӨзА