ӨзА Қазақ

25.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанның әуежайлары ұшақтарға қызмет көрсету тарифтерін төмендетеді

Өзбекстанның әуежайлары ұшақтарға қызмет көрсету тарифтерін төмендетеді

«Uzbekistan Airports» комапниясы жергілікті әуежайларда шетелдік әуекомпанияларға тиісті ұшақтарға жерде қызмет көрсету тарифтері төмендейтінін хабарлады.

Хабарда айтылуынша, 1 наурыздан шетелдік авиакомпаниялардың бизнес-класс жолаушылары үшін Ташкент халықаралық әуежайындағы Business Lounge өте қолайлы болған залда қызмет көрсету құны арзандайды.

«Шетелдік авиакомпаниялардың республика әуежайларындағы ұшу құнын төмендету ел тұрғындары мен шетелдік туристер үшін авиабилеттер бағасы төмендетуге бағытталған болып, жүк тасымалы мен тарифтерді арзандату ел экспортының әлеуетін одан әрі арттырады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Өзбекстан әуе нарығын дамытуға бағытталған барлық мүмкіндікті пайдалануда, өйткені биылдың өзінде нарықта жаңа әуе компания пайда болатын болса, келесі жылдың жаз айына дейін тағы бес әуе компания құру жоспары тұр. Осы жобаларға сай жуырда ғана Ташкентте алғашқы авиацияфорумы өтіп онда шетелдік әуе компанияларын Өзбекстанға рейсттер жасауға шақырған болатын. 

7 220
ӨзА