ӨзА Қазақ

10.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандық қалталы азаматтар жаңа жылдағы саяхатқа қанша қаражат жұмсап қай елдерге барды?

Өзбекстандық қалталы азаматтар жаңа жылдағы саяхатқа қанша қаражат жұмсап қай елдерге барды?

Жаңа жыл мерекесіндегі демалыс уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізу мақсатында жер бетіндегі көптеген жандар отшашулар мен түрлі ойын-сауық шаралары ауқымды өтетін елдерге саяхаттап сол кештердің күәсі болуға құмартады. Міне дәл осы кезде түрлі туристік компаниялар мен әуе компанияларының саудасы жүріп, белет бағасы шарықтайтын кез.

Осы мезгіл аралығын жете зерттеген «Aviasales.uz» туристтік іздеу сарапшылары өзбекстандықтардың жаңа жыл мерекесі қарсаңында сатып алған қымбат белеттер бағасының рейтингін жасады.

Сарапшылардың зерттеуінше, ел аумағындағы азаматтардың басым бөлігі ұшақ белеттерін ұшу уақытына бір апта қалған кезде сатып алған болып, сапар бағыты Ташкенттен Сингапурға қарай болған ең қымбат 24 миллион сумдық екі жолаушыға арналған жол белетін сатып алған.

Рейтингтің келесі кезекгінде 23 млн сумдық белет Ташкенттен Лос-Анжелеске қарай тек ұшып баруына ғана сатылған болса, 22,5 млн сумдық белет Бангкок бағытына сатылған. Жаңа жылдық демалысын Дубайда өткізетін жандар 17,5 млн сум жұмсаған. Ал Анкараға қарай сапарға шыққан жолаушылар 15,5 млн сум қаржы шығындаған болса, 15-14 млн сум аралығында ақша жұмсап Тбилисиге аттанған. Бағалы белеттер рейтингіндегі төмен бағалы сапар бағыты Екатеринбург болып, жол ақысы 12,6 млн сумға түскен.


19 501
ӨзА