ӨзА Қазақ

09.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Иран арасындағы тұрақты әуе рейсі қалпына келтірілмек

Өзбекстан мен Иран арасындағы тұрақты әуе рейсі қалпына келтірілмек

Белгілі бір уақыт аралығында аздаған үзіліске тап болған Ташкент пен Тегеран арасындағы әуе рейстері бүгіннен, 9-шы желтоқсаннан бастап қайта жолға қойылмақ.

Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігінің хабарлауынша, Иран Ислам Республикасының «Zagros Airlines» әуе компаниясы алғашқыда аптасына бір мәрте «Тегеран-Ташкент-Тегеран» бағытында тұрақты рейстерді жолға қойып, кезеңмен бұл қатынауды екі реттіке көтеру жоспарлаған. 

Екі елдің арасындағы 2019 жылғы қараша айында қабылданған шешіміне орай және 2001 жылғы 17 тамыздағы қос мемлекет әуе қатнасы турасындағы келісіміне сәйкес тұрақты әуе рейстерін жүзеге асыру жайындағы Иран әуе компаниясына тасымалдауға рұқсат берілген.

Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігінің хабары.

27 939
ӨзА