ӨзА Қазақ

04.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан ең үздік дамыған туристік бағыт деп табылды

Өзбекстан ең үздік дамыған туристік бағыт деп табылды

Өзбекстан Мадридте Grandvoyage Tourism компаниясы сыйлықтарының табысталу рәсімінде «Ең үздік дамыған туристік бағыт» аталымы бойынша 1-орынға ие болды.

Бұдан басқа, атаулы рәсімде және үш бағыт: «Ең үздік үлкен саяхат», « Бал айы үшін ең жақсы бағыт», «Ең үздік қонақ үйлер мен демалыс орындары» бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар Grandvoyage.com сайтында дауыс беру арқылы анықталған.

Байқау ұйымдастырушысы Испанияның ең ірі туристік компанияларынан бірі Grandvoyage болып табылады.

Компания президенті А.Арбарка Өзбекстанның Grandvoyage Tourism Awards сыйлығымен марапатталуы - Өзбекстанда туризм саласын модернизациялау бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар өз нәтижесіні және Өзбекстанның туристік брендін тек Испанияда ғана емес, бәлкім бүкіл әлемде кең құлаш жайуы өте керемет нәтиже деп айтқан. 

37 419
ӨзА