ӨзА Қазақ

13.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанға бес ай ішінде 1,3 миллион турист келген

Өзбекстанға бес ай ішінде 1,3 миллион турист келген

Өткен жылмен салыстырғанда биыл туристер саны 42 пайызға артқан.

Бұл жайында Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Илхамжан Нематов инвестиция және туризммен экспорттар жайында мәліметтер айтты.

«Жыл басынан есептегенде соңғы бес айда яғни жылдың алғашқы ширегінде Өзбекстанға келуші туристер саны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 42 пайызға артып олардың саны 1,3 миллионға жетті.

Соңғы бес ай аясында Өзбекстан экономикасына шетел инвестициясын тартуға бағытталды. Негізінде 500,2 млрд сумдық 244 жоба жасалып соның ішінде 2019 жылда жалпы құны 1,2 млрд сум болатын 163 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Осы аралықта, Өзбекстанда жасалған өнімдерді экспорт жасау мәселесі бойынша Өзбекстан елшілігі бар болған елдерге экспорт көлемі 30,6 пайызға артты және жалпы құны 3,5 млрд сумды құрады» -деп айтады Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Илхамжан Нематов

39 571
ӨзА