ӨзА Қазақ

05.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Туризм: Австарлия мен Жаңа Зеландияда өзара саяхаттар легін ашпақ

Туризм: Австарлия мен Жаңа Зеландияда өзара саяхаттар легін ашпақ

Австралия мен Жаңа Зеландия екі ел арасында саяхат жасаушылар үшін рұқсат беруге келісті. Бұл келісім Тынық мұхиты аумағындағы басқа аралды мемлекеттерге де жол ашуы мүмкін.

Пандемияға байланысты тоқтап қалған туристік бағыттардың енді ғана жандануы алдымен қауіпсіздікті қадағалау болып, тиісті протоколдар орнаған соң саяхат жолы ашылмақ. Десе де қазірде екі елдегі вирустық ахуал қауыпсіз жақсы болғандықтан онда жазғы жағажайлар өз жұмысын бастаған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Австралияда 6 847 коронавирустың жағдай анықталған. Науқастардың 5 886-сы сауығып, 96-сы қайтыс болды. Қазірде жалпы 865 кісі ем қабылдауда. Ал, Жаңа Зеландияда 1446 коронавирус ауруы тіркелген болып, олардан 1 302 азамат емделіп, 20 кісі қайтыс болған. Бүгінде 164 жан ауруханада. 

4 464
ӨзА