ӨзА Қазақ

23.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Туристер үшін ақпарат орталығы ашылды

Туристер үшін ақпарат орталығы ашылды

Өзбекстан аймағына автожол арқылы шекарадан өткен саяхатшылар үшін енді Өзбекстанның көне шаһарлары мен әсем мекендерінен хабардар ететін шағын ақпарат орталығы өз жұмысын бастады. 

Бұл ақпараттық орталықтар, Қазақстан шекарасы “Жібек жолы” бақылау пункті мен Тәжікістан шекарасындағы “Айбек” бақылау пункттерінде орналасқан.

Қазірге шағын ақпараттық орталықтар осы екі аймақтағы шекаралық пунктінде ашылып отыр. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев өткен маусым айының басында Ташкент облысына жасаған сапары аясында тапсырған болатын. Ал бұл тапсырманы Туризмді дамыту мемлекеттік комитеті мен Ташкент облысы әкімшілігі және туризмнің облыстық департаменті біріге отырып жүзеге асырып отыр. 

photo_2019_07_23_15_19_41.jpg

Ақпараттық орталық, саяхатшылар үшін Өзбекстанның туристік аймақтары, мәдени орталары, әсем мекендері мен демалыс ошақтарынан хабардар етіп, аталған саяхат орталыпына алып барушы маршруттық бағыттарын елге келген саяхатшыны хабардар ететін болады. 


31 796
ӨзА