ӨзА Қазақ

05.03.2020 Басып шығару нұсқасы

The Telegraph Өзбекстанды коронавирустан аулақ елдер қатарына қосты

The Telegraph Өзбекстанды коронавирустан аулақ елдер қатарына қосты

Британдық беделді басылымның бірі «The Telegraph» журналы, Өзбекстанды саяхатшылардың мазмұнды демалысына қолайлы болған коронавирустан аулақ 19 ел қатарына қосты. 

Баслым алыс жолға шығып саяхаттағанды жаны сүйер туристер үшін барып көруге болатын 50-ге жуық туристік бағыттар бойынша тізім жасаған. Осынау тізім бойынша барлық бағыттарда саяхаттау ең қолайлы елдер қатарында Өзбекстан көш басына жайғасқан. кейінгі орындарда Аргентина, Намибия, Куба, Түркия, Моңғолия, Мадагаскар, Перу, т.б елдер бар. 

Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) соңғы дерегінше Өзбекстан туризм саласы бойынша қарқынды дамып келе жатқан әлемнің 20 мемлекеті қатарына енген.

Өзбекстан Туризмді дамыту комитетінің статистикасына сай 2020 жылдың қаңтар айында елге келген туристер саны өткен жыл мен салыстырғанда 23 пайызға өскенін айтады. Келген саяхатшылардың басым бөлігі ТМД елдерінен келгендер.

11 471
ӨзА