ӨзА Қазақ

20.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкент пен Чэнду арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Ташкент пен Чэнду арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Осы жылдың 28 желтоқсанынан бастап Қытайдың Сичуань провинциясында орналасқан Чэнду қаласы мен Ташкент арасында жаңа әуе бағытын жалғаушы рейстер қатнауы жолға қойылады.

Туризмды дамыту комитеті делегациясы Қытайдың бірнеше қалаларын аралап өзбек туризмінің әлеуетін насихаттап келеді. Бұл бір жағы екі елдің достастығын арттыруға жасалған игі әрекет болса, енді бір тұсы елге келер туристер санының артуына оң серпін берер жағдай. Оларға мұндағы тарих тізбегіндегі бай мұралар жайлы мәліметтер беріп, Өзбекстанға келер қытайлық туристерге соның ішінде Чэнду қаласы тұрғындарына біршама қолайлықтар жасалып алдағы уақытта Сичуань аймағынан Өзбекстанға ат басын бұрар саяхатшылар тікелей Чэнду қаласынан Ташкентке әуе бағыты арқылы ұшатын болады.

Бұл жайында Қытайда өткен кездесуде, Өзбекстан Туризмды дамыту комитетінің төрағасы Абдулазиз Аққулов пен қытайдың Loong Air авиакомпаниясы президенті Лю И қос елдің туриздік байланыстарын жалғастыру мақсатында қаншама оңтайлы жұмыстар атқарылғаны жайында айтып, жыл соңына дейін Ташкент пен Чэнду арасында жаңа әуе бағыты жолға қойылатыны жайлы мәлімдеді.

Жақында ғана аздаған үзілістен соң Ташкент пен Тегеран арасындағы әуе бағыты қайта қалпына келтіріліп, қазіргі күнде аптада бір рет екі қала арасына ұшақ қатнауы жолға қойылды. 

21 926
ӨзА