ӨзА Қазақ

19.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Түркия мамыр айы соңына қарай туризм маусымын бастамақ

Түркия мамыр айы соңына қарай туризм маусымын бастамақ

Түркия биылғы туристік маусымды мамыр айының соңында бастауы мүмкін. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсойдың айтуынша, елдегі коронавирусқа қарсы бағытталған шаралар сәуір айының соңында жақсы нәтиже беруі көзделген және мамыр айының соңына қарай ішкі туристік маусымын жолға қою мүмкін деп болжайды.

«Егер қоғамда бақылау тәртібі осы күйде сақталар болса, мамыр айының соңына қарай ішкі туризм маусым басталуы мүмкін», - деген. Бірақ шетелдік саяхатшылардың қай кезден бастап елге кіруі жайлы нақты ақпарат айтылмаған. Түркия туристер көп баратын әлемдегі елдер қатарында 6 орында тұрады. Жылына 40 миллионнан астам саяхатшылар келетін болып, орташа 30 млрд доллардан астам ел қазынасына қаржы түседі.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сай Түркия қазіргі уақытта коронавирус тарауы жедел түс алған 10 ел қатарында болып, мемлекетте вирус жұқтырғандар 82 мыңнан асқан. Солардан 1890 кісі қйтыс болға және 10453 емделген. 

6 017
ӨзА