ӨзА Қазақ

11.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Самарқандқа жеті ай ішінде 2 миллион турист келген

Самарқандқа жеті ай ішінде 2 миллион турист келген

Орта Азия аймағында туризм саласы бойынша көш басында келе жатқан Өзбекстан, соңғы жылдары туризмге ерекше назар аударып келеді. Жыл басынан бері 5 айлық республикалық статистикамен салыстырғанда, бір ғана Самарқандтың әлеуеті әлдеқайда жоғары екен.

Өйткені, 5 айда республика бойынша 1,3 миллион турист келген болса, 7 ай ішінде Самарқандтың өзінде 2 миллион турист саяхаттахан. Бұл дегеніңіз Өзбекстанның негізгі туристер шоғырланатын ортасы Самарқанд екені осыдан-ақ бедгілі шығар.

Қазірде Самарқанд облысында 551 туристтік ораталар мен 5 мың 823 орынды 138 қонақ үйлер мен 1 мың 45 орынды 118 жанұялы қонақ үйлер қызмет етуде. Сондай-ақ 100-ге жуық ұлттық тағамдар мен европа тағамдарын ұсынар ресторандар мен 164 туроператорлық кеңселер туристер үшін жұмыс атқаруда.

Тағыда туристер жағдайын жақсатру мақсатында Труизмді дамыту комитеті Өзбекстан аумағында әуежай мен вокзал соған ұқсас туристер көп шоғырланатын орталарда, шетелдік азаматтар үшін арнайы планшеттерді жалға беру шарасы басталды. Бұл планшеттерде саяхатшы үшін керекті болған барша мобилді қосымшалары жүктелген.

Осыған дейін, шетелдік саяхатшы қонақтар үшін арнайы телефон сим-карталарын сату жолға қойылған болса, алдағы уақытта ұялы телефон апараты мен қалталы wi-fi роутерлерін жалға беру қызметінде жолға қою жоспарланған.

Сонымен қатар, Өзбекстандағы негізгі туристік аймақтарға табан тіреген шетелдік саяхатшылардан тағыда қандайда бір қажеттіліктер мен қолайлықтар жасау мақсатында олар тарпынан айтылып жатқан ұсыныстар зерттелуде. 

23 702
ӨзА