ӨзА Қазақ

14.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Әлемге әйгілі 100-ге жуық блогерлер Өзбекстанға келмек

Әлемге әйгілі 100-ге жуық блогерлер Өзбекстанға келмек

Бұл сала мамандарын дәл қазіргі заманның ең бір озық ойлы, жүйрік саналы, үздік пікірлі жандары десек ешкім қарсы болмаса керек. Өйткені олар ғалам жүзінде ( Facebook, YouTube, Instagram, Twitter т.б) мәлім бір ауқымды аудиториясына ие және оқырманы үшін пікірі мен әрбір сөзі маңызды болуы әбден мүмкін. Бір сөзбен айтқанда олар ХХІ ғасыр алғашқы ширегінің заман брендін танытуда, тиімді әрі қолайлы әдістер арқылы жеткізетін сандық маркетинг локомотиві саналдады.

Олар – Инфлюенсерлер немесе қарапайым заман тілмен айтқанда блогерлер. Міне осындай дүниежүзінің атақты 18-35 жас аралығындағы 100-ге жуық, әрбірінің 1-15 миллионға жуық оқырманы бар PR мамандары жақын күндері Ташкентте «World Influencers Congress» атты Орта Азия аймағындағы алғашқы халқаралық конгрессте бас қоспақ. Қазірдің өзінде олардың 70-ке жуығы келу ниетте екенін растаған. 

Әрине оларды шақырудан мақсат айқын. Әлемге Өзбекстан өз келбетін, сапалы брентін сондай-ақ осындағы жергілікті және шетелдік компаниялар жайлы ақпарат беру. Конгресс аясында «B2I» (Business2Influencer) форматында кездесулер ұйымдастырылатын болады және бұл шараны 2019 жыл тамыз айында өткізу жоспарланған.

Шарадан соң, елге келген әлеуметтік желідегі әлемге әйгілі блогерлерді Өзбекстанның туристік аймақтарына(Бухара, Самарқанд, Хиуа қалаларына) саяхат сапарлар сериясы күтуде. Олар өздерінің Facebook, YouTube, Instagram, Twitter т.б әлеуметтік желі парақшалары арқылы таратқан мәліметтері мен ақпараттарын миллондаған, тіпті миллиардтаған жандар көріп хабар табатын болады. Бұл елдің ертеңі үшін таптырмас мүмкіндіктер беретін озық шараның бірі.

socialmedia.png

Қазірде Өзбекстанға шет елдерден келуші туристер саны соңғы жылдары күрт артқаны баршаға аян. Ал келесіде бұл көрсеткіштің саны тағыда артқаны ел экономикасы мен халықтың тұрмысы үшін өте маңызды.


Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту комитеті төрағасының орынбасары Бехруз Хамзаев kun.uz сайтына берген айқын мәлімет.

45 848
ӨзА