ӨзА Қазақ

25.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Мәскеу – Әндіжан - Мәскеу бағытындағы рейстер қайта жолға қойылды

Мәскеу – Әндіжан - Мәскеу бағытындағы рейстер қайта жолға қойылды

Әндіжан халықаралық әуежайы аздаған үзілістен кейін «Uzbekistan Airports» АҚ қолдауымен қайта жұмысын бастады.

Туризмді дамыту мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Өзбекстан Республикасы авиациялық үкіметінің мақұлдауымен 22 желтоқсанан бастап Ресейдің «ИрАэро» компаниясының «Супержет-100» қысқа қашықтыққа қатнаушы 100-ге жуық жолаушыға арналған ұшағымен Мәскеуден Әндіжанға рейстер жолға қойылды.

Өзбекстанға туристер санын арттыру мақсатында «Uzbekistan Airports» АҚ республика аумағындағы әуежайларда әуерейстер санын арттыру жөнінде ықпалды жұмыс атқаруда. Мұны осы желтоқсан айының өзінде үш бағыттағы әуе рейстерінің ашылғанынан байқауға болады. Әуелі «Ташкент-Тегеран» бағыты қайта жолға қойылған болса, 28 жетолқсан күні алғашқы ұшақ Қытайдың Сичуань провинциясында орналасқан Чэнду қаласынан Ташкентке бірінші рейсін жасайтын болады. 

20 298
ӨзА