ӨзА Қазақ

29.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Әлемдегі ең экологиялық таза қалалардың рейтингі жарияланды

Әлемдегі ең экологиялық таза қалалардың рейтингі жарияланды

Lonely Planet басылымы қазіргі уақытта жер шарындағы ауасы мөлдір экологиялық таза қалалар реитингі жариялап, оның құпиясында анықтаған.

Сарапшылар әлемдегі таза қалалар рейтингін тізбектеуде ондағы жасыл мекендер, баламалы энергия көздерінен пайдалану, ауаның ластану дәрежесі, қоғамдық транспорттан пайдаланушылар мен жаяу жүргіншілер өтетін арнайы жолақтарды да көзден таса қылмаған.

Қала іші бау-бақша мен демалыс саябақтары саны жоғары жасылды шаһар болғандығы және тұрғындардың қоғамдық көліктерге жылдық белет сатып алып өз көлігінен бастартқандығы арқасында Вена қаласы рейтингте бірінші орынға жайғасқан.

Тізімнің келесі шебінде қалада экологияға залалсыз заманауи қоғамдық көліктер қатынасын жолға қойа білген Мюнхен қаласы орын тепкен. Үздік қоғамдық көліктер қатынасының арқасында мұнда азаматтар жеке көлігін көп пайдаланбайды екен.

Әлемдегі экологиялық таза үшінші қала ретінде Германияның тағы бір шаһары Берлин лайық деп табылған. Қалада жаяу жүру жолақтары мен серуендеуге арналған алаңдар көптеп кездесіп, қоғамдық транспорт жүйесі жақсы жолға қойылған.

Келесі орындарда Мадрид, Сан-Паулу, Манчестер, Лиссабон, Сингапур, Амстердам және Вашингтон қалалары экологиялық таза деп табылған.

4 621
ӨзА