ӨзА Қазақ

14.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус: Өзбекстанға алты елдің азаматтары кіруіне тыйым салынды

Коронавирус: Өзбекстанға алты елдің азаматтары кіруіне тыйым салынды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Тедрос Адханом Гебрейесустың 11 наурызда «коронавирус пандемия деңгейіне жетті» деген мәлімдемесіне сай, Өзбекстанға COVID-19 коронавирусының кіріп келуінің алдын алу мен халық қауіпсіздігін сақтау мақсатында 14 наурыздан бастап Франция, Испания және Ұлыбритания арасындағы барлық рейстер тоқтатылды.

Сонымен қатар Қытай, Корея Республикасы, Италия, Иран, Франция және Испания азаматтарына және осы елдерде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ жандар барлық шекаралық өткізу пункттері арқылы Өзбекстанға кіруге уақытша тыйым салынған.

Бұл шектеулер қазірге тек мына жандарға қатысты болмайды:
-дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері;
-шектеулер қойылған елдердің азаматтары және осы елдерде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ жандар Өзбекстан аумағына кіруіне дейін соңғы 14 күн ішінде шектеу қойылған елдерде болмаған болса.

3 015
ӨзА