ӨзА Қазақ

23.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус: Әлемдік туризм саласына 1 трлн доллар шығын келтіруі мүмкін

Коронавирус: Әлемдік туризм саласына 1 трлн доллар шығын келтіруі мүмкін

Әлемдік туризм индустриясы «COVID-19» салдарынан 2020 жылы 1 триллион долларды жоғалтуы мүмкін, қазірдің өзінде бұл көрсеткіш 600 миллион долларға жеткен.

Дүниежүзілік экономикалық форумның президенті Булут Багчи «Anadolou» агенттігіне берген сұхбатында: тәжіндетінің тарау аймағы мен оның кеңістігінің ұлғайғайуы туризм саласына келтірер залалын есепке алсақ 50 миллиондай кісі жұмыссыз қалуы мүмкін, дейді.

Булут Багчиның сөзіне қарағанда туризм саласы жылына 1,7 трлн доллар қаржы табады. Қазіргі уақытта саладағы кері кету темпі 70 пайызға төмендеген. Экономиканың 60 пайыздан астам саласы осы туризммен байланысты болғанын назарға алсақ жалпы шығын 5 трлн долларды құрауы мүмкін. Сонымен қатар, пандемия аяқталғанның өзінде саладағы қалпқа келу процесі тез әрі оңай болмайтын көрінеді. Тек 2020 жыл соңындағы кварталдарға қарай ахуалда біраз оң өзгеріс болуы мүмкін.

Қазіргі таңда коронавирустың таралу аймағы жер бетіндегі 160-тан астам ел аумағына жеткендігінің арқасында шекаралар жабылып, әуе қатынастары тоқтап, нәтижеде Халықаралық туризм жұмысыда жүрмей қалды. 

13 175
ӨзА