ӨзА Қазақ

15.01.2020 Басып шығару нұсқасы

«Korean Air» Самарқандқа әуе бағытын ашуды жоспарлауда

«Korean Air» Самарқандқа әуе бағытын ашуды жоспарлауда

Соңғы уақытта Өзбекстан әуе қатнастар құрамының аймақтық бағытына шетелдік әуе компаниялар жолаушылар тасымалын жолға қоюға қызығыс танытып отыр. Бұл ең алдымен туристер сұранысының жоғары болуымен байланысты.

2020 жылдың 14 қаңтарында әлемдік ірі әуе компаниялардың жолаушылар тасымалы бойынша күшті 20-лыққа енуші Оңтүстік Кореяның «Korean Air» компаниясының өкілдері Самарқанд облысының туризмді дамыту департаментінің директорлық басшы тобымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында корей авиакомпаниясының қызметі туралы қажетті мәліметтер айтылып, алдағы уақытта әуе компания Өзбекстанға тұрақты қатнауды жолға қойатын болса аптасына үш рейс орындайтынын айтып Корея, Жапония және Қытайдан саяхатшыларды тікелей Самарқандқа тасымалдайтынын жеткізген. Қазіргі уақытта «Korean Air» әуе компаниясы әлемдегі 45 елдің 128 қаласына тұрақты рейстерді жолға қойған. 


19 729
ӨзА