ӨзА Қазақ

09.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Хиуадағы туризм нысандарын қайта жөндеу жұмыстарына Қытай 9,5 миллион доллар қаржы бөлген

Хиуадағы туризм нысандарын қайта жөндеу жұмыстарына Қытай 9,5 миллион доллар қаржы бөлген

Хабарыңыз бар 2020 жыл Хиуа шаһары Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған.

Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі 2017 жылғы 19 мамырда «Хорезм облысының тарихи және мәдени нысандарын қалпына келтіру» туралы грант бөлу келісіміне қол қойған болатын.
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген Хиуадағы «Ішкі қаланың» көрінісін көркейту мен арадағы келімінің және әлемдік саяхатшылар санын тағыда көбейту мақсатында Қытайдың «Chinese academy of Cultural heritage» ұйымы тарапынан Хиуадағы «Ішкі қала» мемлекеттік мұражай-кешеніндгі «Амир-Тура» медресесі, «Хасен Мурат қушбегі» мешіті мен «Зергерлер» көшесінің 500 мертлі ішкі жолағына 9,5 миллион долларлық инвестициялық қаражаттың игерілуіне байланысты қайта құру жұмыстары жүргізілді.

«Амир-Тура» медресесі 1870 жыл Хиуа ханы Мухаммед Рахимхан тарапынан салдырылған болып, дәл осы жылдары Хиуа шаһарында 700-ге жуық қолонершілер мен ұсталар шеберханасы болған. Мухаммед Рахимхан өзі ақын болып көне қалаға ақындар мен шығырмашыл жандарды топтастырған.

«Хасен Мурат қушбегі» мешіті XVIII ғасыр соңы мен XIX ғасыр басында аға-іні Хасен және Мурат қушбегі мен Нияз тарапынан құрылған. Атаулы нысан қытайлықтар тарапынан 2018 жылдың жаз мезгілінен қайта құру жұмыстары басталған еді.

19 304
ӨзА