ӨзА Қазақ

18.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Ішкі туризмдік шаралар уақытша тоқтатылып, шетелдіктер визасы ұзартылады

Ішкі туризмдік шаралар уақытша тоқтатылып, шетелдіктер визасы ұзартылады

Өзбекстан аумағында карантин жариялануына байланысты барлық ішкі туризмдік шаралар тоқтатылып, саяхаттап жүріп қалып қойған шетелдіктердің визасы 10 сәуірге дейін ұзартылады.

Туризмді дамыту комитетінің хабарлауынша мемлекеттің ішкі туризмдік шаралары карантиндік ахуал оңалғанша тоқтатылуы мен республикада өтетін салтанатты шараларда қалдырылуы белгіленген. Сонымен қатар шетелдік туристер мен басқада шаруаларда келген азаматтардың қалауына қарай 10 сәуірге дейін ел аумағынан шығып кетуін рұқсат етілген. Қалатындарына қарсылық көрсетілмей, әуе рейстеріне алынған белеттерінің ақысы толықтай қайтарылады немесе басқа уақытқа көшіруге рұқсат беріледі.

Еске сала кетсек Өзбекстанда коронавирустың алғашқы дерегі анықталғанына орай 16 наурыздан бастап барлық әуе рейстері мен көлік қатынаулары тоқтатылып, шекара уақытша жабылған. Алайда іштегі шетел азаматтарының шығып кетуі мен сыртта қалып қойған өзбекстандықтардың елге келуіне тосқауыл жоқ.

1 941
ӨзА