ӨзА Қазақ

21.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Греция және Түркия шетелдік туристерді қабылдауды бастайды

Греция және Түркия шетелдік туристерді қабылдауды бастайды

Греция билігі жаздың алғашқы айының ортасынан бастап шетелдік туристерді қабылдай бастайды. Сол кезден бастап қонақ үйлер өз жұмысына кіріссе, халықаралық әуе қатынасы 1 шілдеден рейстерді жүзеге асырмақ.

Туризм министрі Харис Теохаристің айтуынша жергілікті тұрғындар үшін ішкі туризм қазірдің өзінде рұқсат етілген болып, жуық арада шетелге шығуға болатын елдер тізімі жарияланады. Олар арасында біріншілерден болып Болгария мен Сербия тұрады және герциялықтар үшін қолайлы нарық Германия. Қазіргі уақытта Израиль, Кипр және басқа көршілес елдермен байланыстарды қалпына келтіру жұмыстары талқылануда.

Туристер қабылдауда өзіндік дәстүрді қалыптастырған Түркияда маусым айынан бастап қауіпсіз туристік қызметтерін жолға қоюы жөнінде мәдениет және туризм министрі Мехмет Ерсой мәлімдеді. «Біз әуежайларда, көліктерде, қонақүйлерде және мейрамханаларда жұмыс істейтін қауіпсіз сертификатты жүйесін енгіздік. Бағдарлама мамыр айында жүзеге асырылады және туристік нысандар мен көңілашар орталықтар маусымның басында жарияланады», - деген министр.

Turkish Airlines компаниясы директорлар кеңесі басшысы Илкар Айжи халықаралық рейстерді 10 маусымда қайта жолға қойыларын айтқан. 

2 348
ӨзА