ӨзА Қазақ

24.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Египет туристерді көптеп тарту мақсатта визалық төлемдерді алып тастауды жоспарлауда

Египет туристерді көптеп тарту мақсатта визалық төлемдерді алып тастауды жоспарлауда

Мысыр елі пандемия жағдайында қауіпсіз туризмді жолға қойып саяхатшыларды көптеп тарту мақсатында визалық төлемдерді қазан айының соңына дейін алып тастауды жоспарлауда.

"The Sun" ақпарат көзінің дерегінше Енипет әлемде коронавирус ауруы азаймай тұрған болса да, 1 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеген. Сондықтан Қызыл теңіздегі курорттарға демалуға келетін туристерге 31 қазанға дейін визалық төлем күшін жоймақ. Бұл өз кезегінде әрбір қонақ үйге 25 доллар үнемдеудің мүмкіндігін береді.

Қазіргі уақытта Мысырда саяхатшылар үшін 260 қонақ үй вирустан толықтай қауіпсіз және оған қарсы шараларды растайтын гигиеналық қауіпсіздік сертификаттарына ие болған. Бірақ курортта той, мерей кештер мен ойын-сауық шараларын өткізуге, ашық буфеттерден тамақ алып шығуға рұқсат берілмеген.

Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтері бойынша қазір әлемде саяхатшылар саны 97 пайызға қысқарған болып, 2020 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін әлемдегі туризм индустриясы 195 миллиард долларға дейін шығынға ұшыраған.

6 952
ӨзА