ӨзА Қазақ

05.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан зиярат туризмін бірлестірмек

Қазақстан мен Өзбекстан зиярат туризмін бірлестірмек

Өзбекстан мен Қазақстан арасында зиярат туризміне байланысты «Алтын шаршы» жобасын жолға қоюы мүмкін.

Бұл жоба өз аясына Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мен Өзбекстан аумағындағы Қоңырат жеріндегі Хәкім ата (Яссауидің шәкірті), сондай-ақ осындағы Зәңгіата (Яссауидің шәкірті) мен Түркістандағы Арыстанбаб (Яссауидің ұстазы) зиярат орындарын бір-бірімен байланыстыруды мақсат еткен.

Бұл жөнінде 4-ші қараша күні Түркістандағы өткен халықаралық туристік форумда Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов осылай баяндай келе, қазіргі Өзбекстандағы туризмнің әлеуетіне тоқталып өтті.

«Қазіргі күнде Өзбекстанның туризм саласы біршама адымдап келеді. Өйткені осыған дейінгі жасалып жатқан жұмыстар өз жемісін бере бастады. Өткен 2018 жылда елге 5 миллионнан астам саяхатшылар келген болса, биыл осы көрсеткішті жыл соңына дейін 6,5 миллонға жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Әрине туристер ағымы артқан сайын ел экономикасыда алға жылжиды деген сөз. 2018 жылда туризмнің ЖІӨ-дегі үлесі 1 млрд долларды құрады. Ал биыл бұл сомманы 1,3 млрд долларға жетеді деп отырмыз. Сондықтан ең әуелі біздер көрші елдермен осы салада мықты байланыстар орнатып, екі жаққа да тиімді болған ортақ жобаларды жүзеге асыруға әрекеттеміз. Қазірде Қазақстан мен Өзбекстан арасында қаншама меморандумдар жасағанбыз, - деді Азиз Абдухакимов.

Түркістанда өткен «Бір жол – бір тарих» халықаралық туризм форумы 200 ден астам қолонершілер арасында фестивальмен жалғасты. 

hazxAny6qacOC0tfdwHot5tFB-lb8cJP.jpg

XSyU6hdald8wN0vL_Bi1YNppAPkwNwQw.jpg


3 771
ӨзА