ӨзА Қазақ

12.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус бағыттарының саны тағыда артты

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус бағыттарының саны тағыда артты

Өзбекстан Республикасының Транспорт министрлігінің қасындағы «Uzavtotrans Service» компаниясы Қазақстанның түрлі облыстарына сапарға шығатын Ташкент облысы аудандарының тұрғындарына қолайлық жарату мақсатында 13-ші қыркүйектен бастап «Ангрен-Алматы» «Шыршық-Алматы», «Шыршық-Шымкент» бағыттарына тұрақты рейсті қатнауды жолға қояды.

Жол қашықтығы 918 шақырым болған «Ангрен-Алматы» бағытының белет бағасы 120 мың сум болып белгіленіп, автобустар Ангреннен 16:00, 17:00, 18:00 де жүруді бастайды.

«Шыршық-Алматы» бағытының белет бағасы 100 мың сум болып белгіленген. Осы жол бағытының қашықтығы 818 шақырымды құрайды. Автобустар қатнауы 17:00 мен 18:00 де басталады.

Ал«Шыршық-Шымкент» бағыттарына автобустар қатнауы күнделікті 09:00, 11:00, 13:00, 15:00,17:00 аралығында болады. Жол ақысы 35 мың сум.

Осыған дейін, Ташкенттен Қазақстанның Түркістан, Қызылода, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына тұрақты түрде автобустар қатнауы жолға қойылған еді. 

11 918
ӨзА