ӨзА Қазақ

23.03.2020 Басып шығару нұсқасы

22 наурызда 253 Өзбекстан азаматы Новосибирсктен әкелінген

22 наурызда 253 Өзбекстан азаматы Новосибирсктен әкелінген

Uzbekistan Airways әуекомпаниясы 22 наурызда Толмачево әуежайынан Новосибирск – Ташкент бағыты бойынша арнайы чартерлік рейсін орындаған.

Бұл жөнінде әуекомпанияның мәліметінше, арнайы чартерлік рейс арқылы 253 Өзбекстан азаматы елге әкелінген. Арнайы рейсте елге оралған азаматтар Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевке, Премьер-министр Абдулла Арипов және авиакомпанияның чартерлік рейстерінің кестесін жасаған Арнайы республикалық комиссияға өз ризашылықтарын білдірген.

Еске сала кетсек, елге қайтып оралғаннан Өзбекстан азаматтары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптары мен стандарттарын қатаң сақтай отырып, 14 тәулікке карантиндік бақылауға алынады.

1 852
ӨзА