ӨзА Қазақ

19.11.2019 Басып шығару нұсқасы

2020 жыл саяхаттау үшін әлемнің қауіпті және қауіпсіз елдері

2020 жыл саяхаттау үшін әлемнің қауіпті және қауіпсіз елдері

Өтіп бара жатқан 2019 жылда соңына таяп келеді. Ал сіз келесі жылға саяхаттауды жоспарлап та үлгерген боларсыз. Бірақ сапарыңызды мәнді де, мазмұнды өткізу үшін мына мәліметтерге бір көз жүрітсеңіз артық болмас. Сайып келгенде мұның барлығы саяхатшы үшін қажет ақпарат.

International SOS халықаралық ұйымының мамандары туристерді 2020 жылы шетелде болуы мүмкін қауіптер туралы ескерту үшін интерактивті карта ойлап тапты. Оның көмегімен саяхатшылар белгілі бір елдің алдында тұрған қауіп-қатер жайында ақпараттан хабардар бола алады.

Атаулы карта үш негізгі өлшемге негізделген: қауіпсіздік, денсаулық сақтау және жол қауіпсіздігі. Осы үш негіз бойынша саяхаттау үшін ең қауіпті елдер Ауғанстан, Венесуэла, Ливия және Сомали мемлекеттері. Ал, сапарыңызды мәнді де, мазмұнды өткізу үшін Норвегия, Финляндия, Исландия және Швецияны қоса алғанда Скандинавия елдері сынды табиғаты тамаша және ең қауіпсіз аймақтар саналады.

Эксперттердің пайымдауынша мына елдерде түрлі ауруларды жұқтыру қаупі жоғары саналып, олар Африка елдерінен Нигерия, Либерия, Гвинея, Сьерра-Леоне, Оңтүстік Судан, Эритрея және Орталық Африка Республикасы кіреді. Сонымен қатар денсаулық сақтау көрсеткіші төмен елдер қатарында Йемен, Сирия және Солтүстік Корея орын алған. Медицинадағы қауіпсіз елдер қатарында Еуропа елдері, Канада, АҚШ, Жаңа Зеландия, Австралия, Оңтүстік Корея және Жапония сынды мемлекеттер бар.

Жол қауіпсіздігі жағынан қауіпті болып табылатын елдет тізімінде Африка елдерінен басқа, Венесуэла, Белиз, Доминикан Республикасы, Сауд Арабиясы, Таиланд және Вьетнам елдер жайғасқан.

Ал Британияның «Titan Travel» туризм компаниясы 2020 жылға арнап жасаған демалуға арналған ең тартымды және экзотикалық 20 елдері тізіміне Өзбекстанды да енгізіп, одан басқа АҚШ, Канада, Италия, Үндістан, Оңтүстік Африка, Австрия, Вьетнам, Жапония, Қытай, Австралия, Өзбекстан, Египет, Испания, Коста-Рика, Борнео, Греция, Словения, Куба, Перу, Исландия сынды елдерге саяхаттауды ұсынған. 


30 100
ӨзА