ӨзА Қазақ

20.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда журналистер мен блогерлер үшін футбол апталығы өтеді

Өзбекстанда журналистер мен блогерлер үшін футбол апталығы өтеді

Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған БАҚ және баспа кәсіпорындардың қызметкерлері, журналситер мен блогерлер үшін 23-29 тамыз күндері аралығында «MEDIA.UZ» футбол апталығы өтеді.

Футбол апталығын Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі мен Өзбекстан Футбол қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Жарыс ережесіне сай онда негізінен БАҚ өкілдері, журналистер, блогерлер және агенттік құрамына кіретін ұйымдардан құралған жалпы 24 команда қатысатын болады.

Аталған жарысқа қатыспақ ниеттілер 22-ші тамызға дейін өтініштерін бере алады. Сол күні Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде топталған командалар арасында жеребе тастау рәсімі өтеді. Сонымен бірге жарыстың қағидалары мен ашылуы және марапаттау туралы ақпараттар айтылады. 

14 016
ӨзА