ӨзА Қазақ

04.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда өмір бойы жалақы алатын спортшылар саны қанша?

Өзбекстанда өмір бойы жалақы алатын спортшылар саны қанша?

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 тамыздағы «Беделді халықаралық спорт жарыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген Өзбекстандық спортшыларды қоғамдық және спорттық іс-шараларға кеңінен тарту және спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын көтермелеу туралы» Жарлығына сәйкес Олимпиада және Паралимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне өмір бойы айлық жалақы төленеді.

Қазіргі күнде мұндай жалақы алатын Олимпиада және Паралимпиада ойындары жеңімпаздары және жүлдегерлерінің саны Өзбекстанда  57 спортшыны құрайды.

Егер спортшы Өзбекстан Республикасының азаматтығынан шықса немесе басқа елдің атынан жарысқа қатысса, Бүкіләлем антидопинг ұйымы тарапынан тыйым салынған препараттар қолданғаны анықталып, Олимпиада және Паралимпиада жеңімпаздығы жүлделері алып қойылса, сот шешімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылса яки өлім құшса, ондай жағдайда өмір бақи айлық төлем беру тізімі тоқтатылады. 

Өмір бойы айлық жалақы алатын спортшыларға, халықаралық спорт жарыстарында алған жүлдесінің дәрежесіне байланысты жалақы беріледі. 

Алтын медаль үшін - ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшері;
Күміс медаль үшін - ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшері;
Қола медаль үшін - ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшерінде айлық жалақы төленеді.


13 144
ӨзА