ӨзА Қазақ

12.03.2020 Басып шығару нұсқасы

«Ювентус» қорғаушысы Даниэле Ругани коронавирус жұқтырып алды

«Ювентус» қорғаушысы Даниэле Ругани коронавирус жұқтырып алды

Италияның «Ювентус» клубы қорғаушысы Даниэле Руганидің COVID-19 коронавирусына шалдыққаны анықталып, оны лезде клуб басшылығы карантинге жатқызған. Қазір Италияда барлық дүкендер жабылып тек дәрі-дәрмек дүкендері ғана жұмыс істейтін болған.

Туриндіктердің ресми ақпаратына сай, футболшымен жақын байланыста болған клубтың басқа ойыншылары да бақылауға алынып, сақтық шарасы ретінде барлық футболшылар медициналық тексерістен өтетінін жазған.

Соңғы мәліметтер бойынша алғашқы кәсіпби футболшылар арасында Германия биндеслигасының «Ганновер 96» клубында доп тебушы Тимо Хьюберс осы індетке шалдыққананы кеше анықталған. Ал бүгін голливуд жұлдызы актер Том Хэнкс өзінің жұбайы екеуі коронавируспен ауырып жатқанын мәлімдеп, қазір үй жағдайында крантиндік бақылауда екенін жазған. 

1583985983_xw_1783533.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жер шарындағы 110-нан астам ел аумағына жетіп 126 мың ауру тіркелгендігінің арқасында COVID-19 коронавирусын «пандемия» деңгейіне жетті деп жариялады.

Бүгінгі таңда осы тәжіндетінің ошағына айналған елдер Қытайда 80932, Италияда 12462, Иранда 9000, Оң.Кореяда 7869 жанның ауру жұқтырғаны анықталған.

2 626
ӨзА