ӨзА Қазақ

06.11.2019 Басып шығару нұсқасы

УЕФА Чемпиондар Лигасы 4-тур ойындары: Автоголдар, пенальтилер мен қызыл қағаздар

УЕФА Чемпиондар Лигасы 4-тур ойындары: Автоголдар, пенальтилер мен қызыл қағаздар

Чепиондар Лигасының 4-тур ойндарының алғашқы күнгі кездесулерінде жанкүйерлер жалпы 29 голға күә болып, соның 3 автогол, 5 пенальтиден соғылды.

1/8 финалдық кездесулерінің ең тартысты өткен ойны «Челси» мен «Аякс» арасында өтті. Ойынның алғашқы екінші минутында Челси шауылшысы Абрахам байқаусызда өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ арадан үш минут өтер-өтпестен Жоржиньо есепті пинальтиден гол соғып теңестірді. Қонақтардың сұрмергені Хаким Зиеш жиырманшы минутта тағыда есепті еселей түсіп, араға 15 минут салып тағыда стандартты жағдайдан Челси қақпашысы Кепа Ариссабаладан айласын асырып есепті 1:3 көрінісіне жеткізді. Екінші бөлімде тағыда қонақтар есепті ашып таблодағы көрініс 1:4 боп өзгерді. Өз алаңында мынадай масқаралы жағдайға тап болған лондондықтар екінші бөлімнің бірінші жартысына таман жандана бастады. Алпыс үшінші минутқа келіп есеп 2:4 болып қысқарды. Челси ойыншыларының күшейгені сонша Аякстың екі бірдей орталық қорғаушылары Блинд және Велтман қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Алаңда екі ойыншы үстемдігімен шабуылға көшкен «Аристократтар» 74, 87 минуттарда гол соғып есепті 4:4 теңестірді.

Алғашқы күнгі ойындар ішінде нашар ойын көрсеткен клуб «Барселона» болып, каталондықтар өз үйінде Чехияның «Славия Прага» клубына гол соға алмай екі ұпай жоғалтты.

Чепиондар Лигасының 4-тур кездесулерінің алғашқы күнгі ойын нәтижесі: 

Н-тобы
«Челси» — «Аякс» — 4:4
«Валенсия» — «Лилль» — 4:1

E-тобы
«Наполи» — «Зальцбург» — 1:1
«Ливерпуль» — «Генк» — 2:1

F-тобы
«Барселона» — «Славия» — 0:0
«Боруссия Д» — «Интер» — 3:2

G-тобы
«Зенит» — «Лейпциг» — 0:2
«Лион» — «Бенфика» — 3:1

4-тур кездесулерінің екінші күнгі ойындары: 

А-тобы
ПСЖ - Брюгге
Реал Мадрид - Галатасарай

В-тобы
Бавария - Олимпиакос
Црвена Звезда - Тоттенхэм

С-тобы
Динамо Загреб - Шахтер Донецк
Аталанта - Манчестер Сити

D-тобы
Байер - Атлетико
Локомотив Москва - Ювентус


3 248
ӨзА