ӨзА Қазақ

16.01.2020 Басып шығару нұсқасы

УЕФА 2019 жылдың командасын жариялады

УЕФА 2019 жылдың командасын жариялады

Еуропа футбол қауымдастығы 2019 жылдың үздік футболшыларынан құралған «Жыл командасын» жариялады.

УЕФА ресми сайтында дауыс беру арқылы жасалған биылғы жылдың символдық командасы құрамына «Чемпиондар Лигасы», «УЕФА Суперкубогы» мен «Клубтар арасында Әлем чемпионы» титулдарын жеңіп алған Ливерпуль клубының бес бірдей ойыншысы кірген.

2 миллионнан астам адам дауыс берген бұл реткі үздік құрамадан орын алған футболшылар тізімінде рекордтық нәтижемен Криштиану Роналду 13 рет еніп отыр. 2019 жылғы толық құрам мынадай:

Қақпашы: Алиссон Беккер (Ливерпуль)

Қорғаушылар: Трент Александр-Арнольд, Эндрю Робертсон, Вирджил ван Дейк (барлығы - «Ливерпуль»), Мэтьюс де Лигт (Аякс/Ювентус)

Жартылай қорғаушылар: Фрэнки де Йонг (Аякс/Барселона), Кевин де Брюйне (Манчестер Сити)

Шабуылшылар: Лионель Месси (Барселона), Криштиану Роналду (Ювентус), Садио Мане (Ливерпуль), Роберт Левандовски (Бавария).

СнимокУЕФА.JPG


10 357
ӨзА