ӨзА Қазақ

11.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Тони Фергюсон жекпе-жекте көп соққы алып ауруханаға жатқызылды

Тони Фергюсон жекпе-жекте көп соққы алып ауруханаға жатқызылды

10 мамырда өткен UFC 249 турнирінің басты жекпежегінде октагонға шыққан Тони Фергюсон отандасы Джастин Гэтжимен болған төбелестен кейін бірден ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлерінің қойған диагнозна орай Тони Фергюсонның көз айналасындағы сүйек сынған. UFC президенті Дана Уайттың айтуынша, жекпе-жектегі нәтижеге байланысты төбелесте Гэтжидің 143 мәрте ұрған соққысының 100-і Тонидің жүзіне анық тиген.

Жекпе-жектен кейін жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуін иеленіп тұрған Джастин Гэтжи ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен октагонға шыққысы келетінін айтқан.

3 655
ӨзА