ӨзА Қазақ

28.06.2019 16:38 Басып шығару нұсқасы

Токио Олимпиадасында Бокс турнирі ХОК туы астында өтпек

Токио Олимпиадасында Бокс турнирі ХОК туы астында өтпек

2020 жылғы Токио Олимпиадасының бокс турнирі мен оның іріктеу жарыстарын AIBA емес, Халықаралық олимпиада комитеті өткізетін болды.


27 маусым күні ХОК-тың Лозаннада өткен кезекті сессиясында жасырын дауыс беру жолымен Халқаралық Бокс Ассоциациясы AIBA-ны осы құқықтан айыру турасында шешім шығарды.

Reuters ақпараттық агенттігінің хабарына сәйкес, AIBA-ның Олимпиададан шеттетілуіне қаржылық мәселелермен бірге комитет басшылығына байланысты келеңсіз жағдайлар себеп болған.

Әуесқой бокстың бас ұйымы бірнеше жылдан беріге қаржылық мәлелелерге байланысты дағдарыс жағдайында қалған. Қазіргі күнде комитет 16 млн доллар қарызға батқан.

2020 жылы Токио Олимпиадасында өтетін бокс турниріне ерлер арасында 8 салмақ бойынша, әйелдер арасында 5 салмақ бойынша боксшылар қолғап түйістірмек. Іріктеу кезеңі келесі жыл қаңтар-мамыр айы аралығында өткізілмек.

ӨзА
9 422