ӨзА Қазақ

09.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Теннис: US Open турнирі аяқталды

Теннис: US Open турнирі аяқталды

Теннис бойынша АҚШ-тың ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.

enzTk9um892NeKHdK6L7EEixzSaGaOhg.jpg

Нью-Йорк қаласында өткен жүлде қоры 57 миллион долларды құрайтын турнирде ерлер арасындағы финал кездесуінде испаниялық теннисші Рафаэль Надаль, ресейлік Даниил Медведевке қарсы кортқа шықты.

Әлемнің екінші орындағы ракеткашысы Рафаэль Надаль тартысты өткен кездесуде басым түсіп, алғашқы екі сетте жеңіске жетті. Бірақ кейінгі екеуінде қарсыласына есе жіберді. Дегенмен қорытынды сетте аталған жарыстың бесінші нөмерлі теннисшісі саналатын Медведевті 6:4 есебімен жеңіп US Open-нің 4-ші рет жеңімпазы атанды. 

Осылайша испаниялық теннисші мансабында «Үлкен дулыға» жарыстарындағы 19-шы жеңімпазы болды.
Рафаэль Надаль (Испания) – Даниил Медведев (Ресей) 7:5, 6:3, 5:7, 4:6, 6:4

Ал, US Open турнирінің әйелдер арасындағы өткен жарыста ешкім күтпеген болсада, 19 жасар канадалық теннисші Бьянки Андрееску, «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы болған 37 жасар америкалық Серена Уильямсты тіз бүктіріп алғаш рет жеңімпаз атанды. 

ZlmqzOdCHTU8qwMh1ZLvkatBqEHawLbL.jpg

Бір қызық тарапы, канадалық теннисші қыз Бьянки Андрееску жыл басында әлемнің күшті теннисшілердің рейтінгінде 150 кісілік тізімгеде енбеген екен.

Бьянки Андрееску (Канада) - Серена Уильямс (Америка) 6:3, 7:5

12 213
ӨзА