ӨзА Қазақ

02.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Теннис: 330 мың долларлық турнир қатысушылары анықталды

Теннис: 330 мың долларлық турнир қатысушылары анықталды

Әлемнің үшінші ракеткашысы австралиялық Доминик Тимнің бастамасымен ұйымдастырылған теннис турниріне қатысушылардың ақтық тізімі жарияланды.

«Thiem's 7» деп аталатын бұл сайыстың жүлде қоры 333 000 долларды құрайды және жарыс 7-11 шілде аралығында Австрияның Китцбюэль қаласында АТР финалдық чемпионатына ұқсас форматта өтпек.

«Thiem's 7» турниріне қатысатын теннисшілер:

1. Доминик Тим (Австрия)
2. Маттео Берреттини (Италия)
3. Роберто Баутиста-Агут (Испания)
4. Андрей Рублёв (Ресей)
5. Карен Хачанов (Ресей)
6. Ян-Леннард Штруфф (Германия)
7. Каспер Рууд (Норвегия)
8. Деннис Новак (Австрия) 

3 288
ӨзА