ӨзА Қазақ

22.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте жүлде қоры 12000 еуро болатын шахмат фестивалі өтеді

Ташкентте жүлде қоры 12000 еуро болатын шахмат фестивалі өтеді

Алдағы қыркүйек айының 20-30 күндері аралығында Ташкентте Орталық Азия шахмат фестивалі өтеді.

Онда, Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғаныстан мен Өзбекстаннан келген ең күшті шахматшы ұл-қыздар жеңіс үшін таласқа түспек.

Өзбекстан шахмат федерациясының хабарлауынша жүлде қоры 12000 еуроны құрайтын бұл сайыс, шахматшылар үшін рейтингті екендігі үшінде мағызды. Жарыс ережесіне сай ұлдар арасында жеңімпаз атанған спортшыға 3000 еуро, қыздар арасындағы тартыста жеңіске жеткен шахматшыға 1500 еуро көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.

FIDE, РосАТОМ және Өзбекстан шахмат федерациясы бірлесіп өткізіп жатқан бұл жарысқа 20 жасқа дейінгі сондай-ақ ұл балалар үшін рейтингі 1800 және қыздар үшін 1600 баллдан кем болмаған шахматшылар қатысу үшін өтініш беруі мүмкін.

9 турдан тұратын сайытарда әр қатысушыға партия соңына дейін 90 минут беріледі.

Өзбекстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт министрлігі баспасөз қызметі хабары.

13 627
ӨзА