ӨзА Қазақ

06.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Роналдудың кезекті хетригі, Португалия финалға шықты

Роналдудың кезекті хетригі, Португалия финалға шықты

Кеше Ұлттар Лигасының жартылай финал ойнының алғашқы кездесуі Португалия – Швейцария арасында өтті.

Ойын өте тартысты һәм есте қаларлықтай оқиғаларға бай болды. Көптеп бері өз жанкүйерлерінің көңілінен шығалмай жүрген Роналду, кешегі кеште ол барша фанаттарын артығымен қуанта алды. Алдымен стандартты жағдайдан соққан голы бүкіл стадиондағы көрерменге күтпеген сыйлық болды. Себебі Роналду біраз уақыттан беріге мұндай гол соқпай қойған еді.

Екінші бөлімнын 57 минутында Швейцария қақпасына 11 метрлік пенальти белгіленді, бірақ қонақ команда қарсы болып видеотаспаны көруді талап етті. Төреші таспаның көріп пенальтиді Португалия қақпасына белгіледі. Төреші мұның себебін сәл алдын Нельсон Семеду Стивен Цуберге қарсы әрекеті үшін деп түсіндірді. Есеп теңесті. Стадионда тыныштық бұзылды. Таблода төрешіге байланысты тарихта болмаған жазулар пайда болды. “VAR – бұл өте күлкілі. Мұны футболдан аластату керек. Төреші басқа жағдайы көруге барып, басқа кезді көріп қайтып шешім шығаруы дұрыс емес”.

rpviTb-FM0bHa0lKMes2txl3BVtw-MK5.jpg

Осылай есеп теңескеннен соң, порттық футболшылар мұндай жағдайдан кейін жоқтан бір тылсым күш пайда болғандай тіпті күшейіп кетті. Әдеттегідей бұл қатып қалған қағида сынды Роналду үлкен сахнада өз талантын тағыда паш етті. Ойын соңына дейін екі гол соғып командасын финалға алып шықты да, төреші мен қарсылас командаға тайм басындағы жағдайды естеп күліп қойды.

Бүгін кешке екінші финалшыны анықтайтын ойын Голландия мен Англия арасында өтеді. 


11 802
ӨзА