ӨзА Қазақ

16.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Роналду, Месси, Виржил Ван Дейк. Жылдың үздік футболшысы кім болады?

Роналду, Месси, Виржил Ван Дейк. Жылдың үздік футболшысы кім болады?

УЕФА өткен маусымдағы әлемнің үздік футболшысы аталымына соңғы үш футболшның кандидатын жария етті.

Олар: «Ювентус» клубы шабуылшысы Криштиану Роналду, «Барселона» ойыншысы Леонел Месси мен «Ливерпульдік» қорғаушы Виржил Ван Дейк шешуші үштіктер қатарына енді.

Жылдың үздік футболшысы атағына үміткерлердің маусымдық нәтижелері жайлы қысқаша:

Криштиану Роналду («Ювентус» және Португалия құрамасында)
Жеңістері. УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы, Италия чемпионатының және Италия Суперкубогының жеңімпазы, Ұлттар лигасының соңғы кезеңінің үздік бомбардирі, «Алтын доп» үшін дауыс беруде екінші орын иегері.

Снимок2222.JPG

УЕФА Чемпиондар Лигасы 
9-ойын, 6 гол, 2 голдық пас 

Италия чемпионаты 
31-ойын , 21 гол, 8 голдық пас

Леонел Месси («Барселона» және Аргентина құрамасында)
Жеңістері. Испания чемпионаты мен Суперкубогының жеңімпазы, Испания Кубогының финалисті, УЕФА Чемпиондар лигасының үздік бомбардирі, «Алтын бутса» ESM жеңімпазы.

Снимок3333.JPG

УЕФА Чемпиондар Лигасы 
10 ойын, 12 гол, 3 голдық пас 

Испания чемпионаты 
34 ойын, 36 гол, 15 голдық пас

Виржил Ван Дейк («Ливерпуль» және Нидерланды құрамасында)
Жеңістері. УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы, УЕФА Ұлттар лигасының финалисті, АПЛ күміс жүлдегері, Кәсіби футбол қауымдастығының жыл ойыншысы

Снимок1111111.JPG

УЕФА Чемпиондар Лигасы 
12 ойын, 2 гол, 2 голдық пас 

Англия чемпионаты 
38 ойын, 4 гол, 2 голдық пас

Жылдың Үздік футболшысы мен УЕФА Чемпиондар Лигасының 2018/19 маусымдағы жекелеген наградаларын табыстау кеші 29 тамыз күні Монакода өтеді. Келесі күні Еуропа Лигасының 2018/19 жылғы үздік ойыншысы анықталады.

15 171
ӨзА